Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға арналған айлық аясында 2025 жылғы 8 қыркүйекте мектеп қызметкерлері мен комплаенс-офицердің кездесуі өтті.
Кездесу барысында комплаенс-офицер сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары үшін жауапкершілік шараларын еске салды. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын алуға және олардың салдары туралы хабардар етуге бағытталған әлеуметтік бейнероликтер көрсетілді.
А.И. Никифоров атындағы көркемсурет мектебінде құқықтық сауаттылық пен этика мәселелері талқыланды
2025 жылғы 6 тамызда КМКҚК «А.И. Никифоров атындағы көркемсурет мектебінде» қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру және мүдделер қақтығының алдын алу мәселелеріне арналған онлайн-кездесу өтті
Кездесу барысында комплаенс-офицер сөз алып, кездесу мақсаты – қызметкерлердің комплаенс-мәдениеті, құқықтық реттеу негіздері және мүдделер қақтығының алдын алу жөніндегі міндеттері туралы хабардарлығын арттыру екенін атап өтті.
Кездесу аясында келесі маңызды мәселелер қарастырылды:
— Еңбек қатынастары контекстіндегі мүдделер қақтығысы ұғымы
— Мүдделер қақтығысының алдын алу және реттеу бойынша ішкі саясаттың негізгі ережелері
— Қызметкер тарапынан ықтимал қақтығысты анықтау кезінде қолданылатын нақты іс-шаралар
— Басшылықты уақтылы хабардар ету және тиісті формаларды толтыру міндеті
— Ұйым қызметкерлерінің этика және қызметтік мінез-құлық кодексінің маңыздылығы
Қатысушылар кәсіби жағдайда туындауы мүмкін мүдделер қақтығысына қатысты сұрақтар қойып, нақты мысалдар арқылы дұрыс әрекет ету жолдарын талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша:
— Қызметкерлер комплаенс бойынша ішкі құжаттармен таныстырылды
— Әр қызметкердің жеке жауапкершілігі атап өтілді
— Келесі құжаттарды жалпы қолжетімділікке шығару туралы шешім қабылданды:
Мүдделер қақтығысы туралы саясат
Этика кодексі
Мүдделер қақтығысы туралы хабарлама формасы
Мұндай кездесулер еңбек этикасын нығайтуға, ұжым ішіндегі сенімді арттыруға және құқықтық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді деп сенеміз.
Құқықтық сауаттылықты арттыру және ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасымен танысу бойынша онлайн - кездесу
2025 жылғы 4 шілдеде ұйымда құқықтық сауаттылықты арттыру және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының негіздерімен танысу тақырыбында ұжыммен онлайн-кездесу өткізілді.
Кездесу барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының негізгі ережелерімен, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары үшін жауапкершілік шараларымен таныстырылды. Ерекше назар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, мүдделер қақтығының алдын алу және кәсіби қызметтегі этикалық нормаларды сақтау мәселелеріне аударылды.
Кездесудің спикері, комплаенс - офицер Видершпан В.А., қойылған сұрақтарға жауап беріп, оның ішінде өтініштер беру тәртібі және сыбайлас жемқорлық белгілері анықталған жағдайда іс - әрекеттер жөнінде түсініктемелер берді.
Кездесу қорытындысы бойынша қызметкерлерге ұйымның ішкі құжаттарымен танысу ұсынылды.
Мұндай кездесулер құқықтық сананы нығайтуға және барлық деңгейде сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыруға ықпал етеді.
2025 жылғы 2 маусымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша айлық аясында мектеп қызметкерлері онлайн сауалнамаға қатысты.
Сауалнама нәтижелері бойынша КГКП "А. И. Никифоров атындағы көркемсурет мектебі" педагогикалық ұжымы арасында қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамамен таныстыру жұмыстарын жалғастыру қажет. Атап айтқанда, қызметкерлерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі актілермен (ережелер, этика кодексі, жадынамалар және т.б.) қайта таныстыру ұсынылады.
Педагогикалық ұжым құқықтық сауаттылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл мәселелерін талқылады
2025 жылғы 5 мамырда А. И. Никифоров атындағы КГКП «Көркемсурет мектебінде» педагогикалық ұжымның жиналысы өтті. Жиын қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру және мектептің ресми сайтындағы жаңа «Сыбайлас жемқорлық картасы» бөлімімен таныстыру тақырыбына арналды.
Баяндаманы мектептің комплаенс - офицері В. А. Видершпан жасап, білім беру ұйымдары қызметкерлерінің құқықтық сауатын жүйелі түрде арттырудың маңыздылығын атап өтті. Ол сайттың жаңа бөлімінің мақсаттары мен мүмкіндіктері туралы кеңінен айтып берді. Аталған бөлімде ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, оларды алдын алу шаралары, сондай - ақ қызметкерлер мен мүдделі тұлғалар үшін ыңғайлы кері байланыс арналары туралы ақпарат ұсынылған.
Талқылау барысында педагогтар бұл ресурстың өзектілігі мен практикалық пайдасын атап өтіп, оны білім беру ұйымында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңызды құралы ретінде бағалады.
Жиын қорытындысы бойынша педагогикалық құрамға сайттағы «Сыбайлас жемқорлық картасы» бөлімінің мазмұнымен танысу және күнделікті кәсіби қызметте ондағы материалдарды құқықбұзушылықтардың алдын алу мен құқықтық жауапкершілікті арттыру мақсатында пайдалану ұсынылды.