Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс Күнін мерекелеу қарсаңында "А.И. Никифоров атындағы көркемсурет мектебі" КМҚК – да "Жеңіс түстерінде соғыс реңктері бар" атты балалар суреттерінің көрме-конкурсы өтуде.
Қазақстан Отан қорғаушылар күнін 7 мамырда атап өтеді. Бұл — тәуелсіздік пен егемендікті күзету міндеті тұрған күштің, ұлттық армияның құрылған күн
Көрме-конкурстың мақсаты: патриотизмге, ұлттық мақтанышқа тәрбиелеу, балалардың Ұлы Отан соғысы тарихына деген қызығушылығын арттыру, оның оқиғаларын еске алу, ардагерлерге құрметпен қарауды қалыптастыру.
Іс-шараға КМ-нің дайындық, 1, 2 және 3 сынып оқушылары қатысты. Балалар 40-тан астам жұмыстарын көрсетті. Суреттер түрлі техникада, түрлі-түсті қарындаштармен, балауыз қарындаштармен, бояулармен, фломастерлермен жасалған.
Қатысушылар өз суреттерінде Жеңіс көктемін, мерекелік сәлемдесуді, бейбіт аспан астындағы өмірді ғана емес, сол жылдардың азабы мен қазаларын бейнелейтін көріністерді де суреттеді. Бүгінгі ұлдар мен қыздар тек әңгімелер мен фотосуреттерден білетін соғысты балалар бұрын-соңды болмағандай айқын жеткізе алды: мұнда шайқастар мен көз жасы, батырлардың портреттері және, әрине, соғыстан кейінгі бейбіт өмір бейнеленіп тұр. Балалар өз суреттерінде соғыс қимылдарына қатысушыларға ризашылық, құрмет, алғыс сезімдерін білдіруге тырысты
Байқауға қатысушылар соғысқа деген жеке көзқарастарын білдіре алды, яғни кеңес сарбаздарының ерлігі туралы естелік жаңа ұрпақтың жүрегінде өмір сүруді жалғастыруда.
Әр суретте тек сюжет қана емес – жеке отбасының тарихы, жеке тәжірибесі және осы мерекеге деген көзқарасына толған. Әр жұмыс үлкен сүйіспеншілікпен орындалды,әлемге жылу мен мейірімділік әкеледі.
Балалардың суреттері - бұл майдангерлер мен тыл еңбеккерлеріне, ардагерлерге, бізге бейбітшілік сыйлағандардың барлығына арналып айтылған алғыс сөздері!