2024 жылғы 22 қарашада Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде сәндік -қолданбалы өнер шебері, қолөнерші Ш. Байділдиннің «Өнер сыры – өрнекте» дербес көрмесінің ашылуы өтті. Көрменің ашылуы бірінші қабатта, музейдің кіші залында болды.
Шөптібай Байділдин - ұстаз, шебер, өнертанушы, қоғам қайраткері. Ш. Байділдин - Арқалық қаласының құрметті азаматы, ою-өрнек жасаумен қырық жылдан аса уақыттан бері айналысады, қазақтың ою-өрнектері, олардың мән-мағынасы туралы «Қазақтың ою-өрнектері», «Ою ой, өрнек сал» кітаптарының авторы.
Қазақстанда, 1992 жылы Түркияда, 1996 жылы Америкада өткен Атланта Олимпиадасында қойылған. 2009 жылы Шөптібай Байділдин «Қазына» сыйлығының иегері болды. Ою-өрнектері республикалық «Мәдени мұра», «Мәдениет», «Жұрағат», «Арай», «Алға» басылымдарында жарияланды. Астанада Тұңғыш Президент музейінде, Астана, Алматы, Қостанай, Арқалық қалаларының мектептерінде дербес көрмелері ұйымдастырылды.
Ою-өрнек ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан қазақ халқының мәдени мұрасының ажырамас бір бөлігі. Ою-өрнек арқылы халқымыз өз тыныс-тіршілігін, мәдениетін, өнерін, мәдени құндылықтарын, жоғары деңгейде дамыған тұрмыстық қажеттіліктерді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, дамытып отырды. Шебердің айтуынша, өрнек ретсіз болуы мүмкін, ою симметриялы болып келеді және терең мағынаға ие, сонысымен өрнектен ерекшеленеді.
Көрмеге А.И.Никифоров атындағы көркемсурет мектебі оқушылары қатысты. Оқушылар Ш.Байділдин жасаған ою-өрнектер ерекше, алуан түрлі, қайталанбайтын элементтер, өте түрлі-түсті екенін атап өтті. Бүгін Оқушылар шебердің туындыларын өз көздерімен көре алды. Көрме бір ай бойы жұмыс істейді.