«А.И. Никифоров атындағы көркемсурет мектебінің» КМҚК оқушыларына 15 қарашада Қостанай облыстық тарихи - өлкетану мұражайында «Пленэр - ашық байланыс» атты көрме ашылды.
Көрмеге ҚР Суретшілер одағының мүшелері Вадим Быков пен Андрей Арискин, жас суретшілер - Надежда Яковлевна, Оксана Тренина, Алина Николенко, Елена Николенко, Қостанай суретшісі Олег Кусков және фотограф Иван Мармалиди қатысты. Суретшілер өздерінің пленэрлік жұмыстарын ұсынды. Олар үшін пленэр - бұл ашық ауада шабыт пен шығармашылық уақыты.
Наурызым қорығы суретшілердің шығармашылық көзіне айналды. Біздің дарынды суретшілеріміз осы сиқырлы көркемсурет орнында пленэрде болды. Өз шығармаларында жергілікті табиғаттың сұлулығы мен ерекшеліктерін бейнеледі.
Көрмеде көрермендерге осы сұлулықты жан - тәнімен сезіну мүмкіндігі ұсынылған.
Дарынды суретшілерге сарқылмас шабыт пен жаңа шығармашылық жаңалықтар тілейміз. Көрме бір ай бойы жалғасады. Келуге кеңес береміз.