Өнер әрқашан біртұтас және ажырамас, ол адамдарды біріктіреді, шығармашылықтың сұлулығы мен қуанышын береді. Міне, бүгін, Наурыз мерекесі қарсаңында Музыка және кескіндеме өнері «Туған өлкенің әні» болып біріктірілді.
«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің А.И.Никифоров атындағы көркемсурет мектебі» мен «Облыстық балалар музыкалды мектебі» КМҚК оқушылары 14 наурызда Балалар музыка мектебінде «Наурызды қарсы аламыз!» атты іс - шараға 200-ге жуық оқушы қатысты, оның ішінде көрмеге 20 астам көркемсурет мектебінің оқушылары қатысты. Жас суретшілердің жұмыстарында туған өлкенің бірегейлігі мен сұлулығы көрініс тапты. Ұсынылған жұмыстардың әр шығармасында қазақ халқының ұлттық нақыштары жарқын бояулармен шырқалып, көрменің негізгі тақырыбы – «Туған өлкенің әні» көрінісін табады. Әрбір жұмыс – бұл суретші мен көрерменнің диалогы, онда бейнелер өмірге келіп, көрермендер үшін керемет шығармашылық әлемін жасайды. Көрмеде авторлардың түрлі техника мен жанрларда орындалған жұмыстары: майлы кескіндеме, акварель, графикалық материалдар, кинусайга, аралас техника және т.б. қойылған.
Кескіндеме және музыка-бұл ұғымдар бір-біріне өте жақын, кейде ажырамас. Бүгін Көрме-концерттің қатысушылары мен қонақтары бұған көз жеткізді.
Жас суретшілер қылқалам мен бояуды біраз уақытқа қойып, музыка әлеміне қосылды. Барлығын музыка саласындағы шығармашылармен жылы кездесу күтіп тұрды. Музыка мектебінің тәрбиеленушілері керемет туындылар сыйлады. Олар кешті скрипка, баян, фортепианода таңғажайып ойынмен безендірді.
Көрме-концерттің барлық қатысушылары бүгін көргендерімен және естігендерімен байытылып, өздерін керемет образдармен және әсерлермен қанықтырды, ең бастысы, көрермендерге мереке алдындағы тамаша көңіл-күй сыйлады!
Көрме өз жұмысын айдың соңына дейін жалғастырады және барлық тілек білдірушілер жас суретшілердің шығармашылығымен жақынырақ таныса алады!