Бүгін, 27 мамырда Амангелді ауданының базасында қосымша білім беру педагогтарының облыстық семинары өз жұмысын бастады. Семинардың тақырыбы: «Балаларға заманауи қосымша білім беру жағдайында тұлғаның шығармашылық әлеуетін дамыту». Семинар аясында Амангелді ауданының мұражайларына бару жоспарланған. 28 мамырда шеберлік сыныптары мен семинардың жалпы бөлімі өтеді.