Қараша айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл айлығы аясында КМҚК «А. И. Никифоров атындағы көркемсурет мектебінде» «Балалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» атты онлайн - көрме өтуде. Бейнероликте оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы өз түсінігі мен көзқарасын бейнелеген шығармашылық жұмыстары көрсетілген. Видеоны мектептің ресми сайтынан және Instagram парақшасынан көруге болады.