«А.И.Никифоров атындағы көркемсурет мектебі» КМҚК Қазақстандағы домбыра күнін мерекелеуге орай мектеп оқушыларының еңбектерінің көрмесін ұсынады. Жас суретшілеріміз өздерінің шынайы шығармашылық жұмыстарында осы тамаша музыкалық аспаптың барлық әуенділігін кескіндеп көрсетуге тырысты.
Домбыра - ғасырлар бойы қазақтарға ойлары мен сезімдерін көрсетуге, халықтың жан дүниесін ашуға көмектескен музыкалық аспап. Сондықтан домбыра мәдени құндылыққа айналды. Қазіргі Қазақстандағы домбыра күні мерекелік даталар тізіміне кіреді. Жыл сайын ұлттық мереке шілденің бірінші жексенбісінде өтеді.